Nazima
Te Vaka
专辑:《Moana 2 (Kazakh Original Motion Picture Soundtrack/Deluxe Edition)》
更新时间:2025-02-16 18:50:01
文件格式:mp3
Beyond (From "Moana 2"/Kazakh Soundtrack Version|End Credit Version) - Nazima/Te Vaka
Lyrics by:Opetaia Foa'i/Abigail Barlow/Emily Bear
Composed by:Opetaia Foa'i/Abigail Barlow/Emily Bear
Produced by:Benjamin Rice
"Жұлдыздарды білсем ғой" деуші ем
Өзге әлем қол бұлғайды
Бар өмірім өзгерді бірден
Қарсылық та жоқ менде мүлдем
Баяғы кездей емес бұл
Әкетпекші соққан дауыл
Шалғайға
Өскен ұям
Менің туған өлкем
Бәрін де мен
Бір сәтте қалайша қиям?
Ол жақ қандай?
Бәрі маған беймәлім
Қиналмас па екен жаным?
Дұрыс па таңдауым?
Ал ол жақ қандай?
Барсам егер бел байлап
Өз елімнен сүйгенімнен шалғайға
Бара аламын ба?
Енді басталды ғой деуші ем
Жалын атқан жас күнім
Не болады енді өмірім менің?
Олар шақырады
Мені жолға
Бірақ бұлай
Қоштасамын қалай қалай?
Ол жақ қандай?
Жұмбақ әлем беймәлім
Қиналмас па екен жаным?
Дұрыс па таңдауым?
Ал ол жақ қандай?
Кетсем егер бел байлап
Өз елімнен сүйгенімнен шалғайға
Бара аламын ба?
Қалмасам қазір жанында
Алғын өскен шағында?
Ол жақ қандай?
Білмесем де барамын
Осы болды қалауы
Амалын табамын
Бұл мен Моана
Жер мен судың перзенті
Өзгермейді
Табиғатым бұл енді
Білмеймін
Не барын
Алайда
Барам сонда